Доллар тағы қымбаттай түсті

Қазақстан қор биржасы (KASE) 15:30-да доллардың орташа сараланған бағамы тағы 1,54 теңгеге көтеріліп, 473,54 теңге болғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Қытай юанінің орташа сараланған бағамы да өсіп, 67,94 теңге (+0,19) болды.
Еуромен және Ресей рублімен сауда болған жоқ. Еуро бағамын Ұлттық банк 495,57 теңге, рубльді 7,5 теңге деп белгіледі.
Ақша айырбастау орындарында доллар – 474,5-478 теңге, еуро – 496-501 теңге, ресей рублі – 7,15-7,35 теңге аралығында саудаланып жатыр.
Ал 7 желтоқсандағы сауда барысында әлемдік мұнай бағасы сәл көтерілді.
Мәселен, Brent маркалы мұнайдың фьючерстері 0,2%-ға өсіп, барреліне 79,5 доллар болды.
АҚШ-тың WTI маркалы мұнайының фьючерстері 0,2%-ға өсіп, барреліне 74,4 долларға жетті.
Бөлісу
0
Толық оқу