14 наурыздағы саудада доллар тағы қымбаттай түсті

Теңге, доллар, еуро, рубль, мұнай, сурет - Zakon.kz жаңалық 14.03.2023 16:23 Сурет: pixabay
Қазақстан қор биржасы (KASE) 15:30-дағы жағдай бойынша доллардың орташа сараланған бағамы 1,77 теңгеге көтеріліп, 458,22 теңге болғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қытай юанінің орташа сараланған бағамы көтеріліп, Алматы уақытымен 12:00-де 66,67 теңге (+0,34) болды.

Еуро бағамын Ұлттық банк 487,12 теңге, рубль бағамын 6,04 теңге деп белгіледі.

Ақша айырбастау орындарында доллар 457-461 теңге, еуро 489-495 теңге, ресей рублі 5,9-6,2 теңге аралығында саудаланып жатыр.

Мұнай 14 наурыз күні таңертең сәл арзандады. Brent маркалы мұнайдың мамырдағы фьючерстерінің бағасы барреліне 1,05%-ға өсіп, 79,92 доллар болды, WTI маркалы мұнайдың сәуірдегі фьючерстері 1,11%-ға арзандап, 73,97 доллар болды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: