Жаңалықтар тізбегі
0

ОСК аумақтық сайлау комиссияларына республикалық семинар өткізеді

ОСК семинар өткізеді, сурет - Zakon.kz жаңалық 07.12.2022 16:15 Сурет: pixabay
7-9 желтоқсанда Орталық сайлау комиссиясы еліміздің барлық 239 аумақтық сайлау комиссиялары басшыларының үш күндік республикалық семинарын өткізеді. Семинарға 300-ге жуық адам қатысып жатыр, деп хабарлайды Zakon.kz.

Негізгі баяндамашылар – Орталық сайлау комиссиясының мүшелері.

Семинардың мақсаты – сайлау заңнамасы және оны сайлау процесінде қолдану тәжірибесі бойынша теориялық және қолданбалы білімін кеңейту, сайлауды ұйымдастырушылардың кәсіби құзыреттілік деңгейін арттыру.

Семинар аясында бірнеше оқу блоктары қарастырылған:

  • 20 қарашада өткен ҚР президентінің кезектен тыс сайлауын әзірлеу және өткізу жөніндегі сайлау комиссияларының жұмысының қорытындысын талқылау;

  • сайлау заңнамасына енгізілетін өзгерістер мен толықтыруларды, атап айтқанда, аралас және мажоритарлық сайлау жүйелерін енгізу, әлеуметтік желілерде сайлауалды үгіт жүргізу, сайлауды байқау үшін қоғамдық бірлестіктер мен коммерциялық емес ұйымдарды аккредиттеу, сайлауды мемлекеттік емес қаржыландыру мәселесін түсіндіру.

Сонымен қатар семинарда сайлау комиссияларының мүшелері мен саяси партиялар, байқаушылар, БАҚ өкілдері, үкіметтік емес ұйымдар және сайлау процесінің басқа да қатысушылары арасындағы коммуникация әдістері мен өзара іс-қимыл дағдылары бойынша тренингтер өткізіледі.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: