Абай облысында кейбір жол учаскелерінде жүк көліктерінің қозғалысына шектеу енгізілді

Абай облысындағы республикалық маңызы бар күре жолдарда көлік қозғалысына уақытша шектеу енгізілді, деп хабарлайды Zakon.kz.
"QazAvtoJol ҰК" АҚ баспасөз қызметінің мәліметінше, 2022 жылғы 7 желтоқсанда сағат 22.30-дан бастап сынап бағанының -30 градустан төмен болуына байланысты Абай облысының барлық республикалық автомобиль жолдарында дизельмен жүретін және жүк көліктерінің қозғалысына уақытша шектеу енгізілді.
Атап айтқанда, мынандай жол учаскелері жабық:
"Семей - Ресей Федерациясының шекарасы";
"Семей - Қайнар" тас жолы;
"Омбы-Майқапшағай" тас жолының 587-733 шақырым аралығы, яғни Павлодар облысының шекарасынан Семей қаласына дейін және 756-906 шақырым арылығы - Семей қаласынан Қалбатау ауылына дейін.
Бөлісу
0
Толық оқу