Жаңалықтар тізбегі
0

Қарағанды облысына жаңа әкім тағайындалды

Қарағанды облысының әкімі, сурет - Zakon.kz жаңалық 08.12.2022 13:44 Сурет: gov.kz
8 желтоқсан күні ҚР президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлығымен Ермағанбет Қабдұлұлы Бөлекпаев Қарағанды облысының әкімі лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ермағанбет Бөлекпаев 1975 жылы 2 қыркүйекте Қарағанды облысы Шет ауданы Успенка ауылында дүниеге келген.

Білімі:

1996 жылы Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің экономика факультетін бітірген.

Еңбек өтілі:

Еңбек жолын 1996 жылы "Казкоммерцбанк"ААҚ Теміртау филиалында экономист қызметінен бастаған. 1997 жылдан 1998 жылға дейін Астанадағы "Бизнес-Информ" ИКО өкілдігінің директоры қызметін атқарды. 1998 жылдың қараша айында индустрия, энергетика және сауда министрлігінде экспорттық бақылау және лицензиялау департаментінің бас маманы лауазымында жұмыс істей бастады. 2002 жылы осы ведомство бастығының орынбасары болды.

  • 2006 жылы Павлодар облысы әкімі аппараты басшысының орынбасары, 2006 жылдан 2008 жылға дейін Павлодар облысы Павлодар ауданының әкімі болды;

  • 2008 жылдан 2009 жылға дейін Павлодар облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасын басқарды;

  • ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қарағанды, Оңтүстік Қазақстан облыстары және Нұр - сұлтан қаласы бойынша аумақтық басқармасының бастығы-Тәртіптік кеңесінің төрағасы лауазымын атқарған;

  • 2013 жылдан 2018 жылға дейін Астанадағы "Сарыарқа", "Алматы" және "Есіл" аудандарының әкімі болды;

  • 2018 жылы Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік инспекторы болып тағайындалды;

  • 2018 жылдан 2020 жылға дейін Қарағанды облысы әкімінің орынбасары қызметін атқарды;

  • 2020 жылдың қыркүйегінен бастап Қарағанды қаласының әкімі болып тағайындалды.

Бұған дейін бұл қызметті Жеңіс Қасымбек атқарған еді.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: