Алтай Көлгінов жаңа қызметінде қандай салаға жетекшілік етеді

ҚР премьер-министрінің орынбасары Сурет: primeminister.kz
9 желтоқсан күні ҚР премьер-министрі Әлихан Смайылов жаңа орынбасары Алтай Көлгіновтің алдында тұрған басым міндеттерді белгіледі. Ол үкіметте әлеуметтік саладағы мәселелерге жетекшілік етеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

ҚР премьер-министрінің ресми сайтының жазуынша, вице-премьер білім мен ғылым, денсаулық сақтау, әлеуметтік жаңғырту, жұмыспен қамту, мәдениет пен спорт, туризм салаларын дамыту, мемлекеттік жастар және отбасы саясаты, қоғамдық сананы жаңғырту, конфессияаралық және этносаралық келісімді қамтамасыз ету, мемлекеттік тіл, демографиялық және көші-қон саясаты және т.б. мәселелерді бақылауына алады.

Әлихан Смайылов Алтай Көлгіновке жаңа лауазымда жұмысының табысты болуын тіледі.

Алтай Көлгінов 1978 жылы 15 қаңтарда дүниеге келген. Қ.А. Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетін, ҚР Президенті жанындағы мемлекеттік басқару академиясын және "Болашақ" бағдарламасы бойынша Ұлыбританияның Абердин университетін бітірген.

Әр жылдары Мемлекеттік қызмет істері агенттігінде, Әділет министрлігінде және ҚР Президенті Әкімшілігінде жұмыс істеді. 

2013-2016 жылдары – Орал қаласының әкімі.

2016-2019 жылдары – Батыс Қазақстан облысының әкімі.

2019 жылы Астана әкімі болып тағайындалды.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз