Жаңалықтар тізбегі
0

Алтай Көлгінов ҚР премьер-министрінің орынбасары қызметіне тағайындалды

ҚР пермьер-министрінің орынбасары Сурет: primeminister.kz
9 желтоқсан күні мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлығымен Алтай Көлгінов Қазақстан Республикасы премьер-министрінің орынбасары қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Алтай Сейдірұлы Көлгінов Қазақстан Республикасы премьер-министрінің орынбасары лауазымына тағайындалсын" – деп жазылған Ақорданың ресми сайтында жарияланған жарлықта.

Алтай Көлгінов1978 жылы дүниеге келген.

Білімі:

А.Яссауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университетін, Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы мемлекеттік басқару академиясын, "Болашақ" бағдарламасы бойынша Ұлыбританияның Абердин университетін бітірген. Мемлекеттік және жергілікті басқару магистрі, халықаралық коммерциялық құқық магистрі. 

Еңбек өтілі:

  • 2000-2001 жылы Қазақстан Республикасының Қарулы күштерінде қызмет еткен;

  • 2001-2008 жылдары Әділет министрлігі, Мемлекеттік қызмет істері агенттігі және Бас прокуратура органдарында қызмет атқарады;
    2008-2010 жылдары — "Алаш Медиа Групп" ЖШС бас директорының орынбасары;

  • 2010-2012 жылдары Президент әкімшілігінің аймақтық-ұйымдастыру және мемлекеттік бақылау жұмыстары бөлімінің мемлекеттік инспекторы.

  • 2012-2013 жылдары Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары.

  • 2013 жылдың 4 сәуірінен Орал қаласының әкімі.

  • 2016 жылдың 26 наурызынан Батыс Қазақстан облысының әкімі.

  • 2019 жылдың 13 маусымнан бастап Астана қаласының әкімі қызметін атқарды.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз