Қайрат Омаров ҚР Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары болды

Қайрат Омаров, сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары болды, сурет - Zakon.kz жаңалық 06.10.2022 17:41 Сурет: ҚР СІМ баспасөз қызметі
ҚР президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың өкімімен Қайрат Ермекұлы Омаров Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Өкім мәтіні Ақорданың ресми сайтында жарияланды.

Мемлекет басшысының өкімімен Қайрат Ермекұлы Омаров Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары лауазымына тағайындалды, – делінген ресми ақпаратта.

Қайрат Омаров Қазақстан Республикасының Аустрия Республикасындағы Төтенше және өкілетті елшісі, Қазақстан Республикасының Вена қаласындағы халықаралық ұйымдар жанындағы тұрақты өкілі, Қазақстан Республикасының Словения Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі қызметін қоса атқарушы лауазымдарынан босатылды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: