Көлгінов ҚР премьер-министрінің орынбасары лауазымынан босатылды

Қазақстан, Президент жарлығы, сурет - Zakon.kz жаңалық 08.06.2023 09:02 Сурет: Астана қаласы әкімдігі
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Алтай Көлгіновті ҚР премьер-министрінің орынбасары лауазымынан босатты, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Мемлекет басшысының Жарлығымен Алтай Сейдірұлы Көлгінов Қазақстан Республикасы премьер-министрінің орынбасары лауазымынан босатылды", – делінген ресми хабарламада.

Алтай Көлгінов 1978 жылы 15 қаңтарда дүниеге келген.

Қ. А. Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетін, ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясын, «Болашақ» бағдарламасы бойынша Ұлыбританияның Абердин университетін бітірген. Мемлекеттік және жергілікті басқару магистрі, халықаралық коммерциялық құқық магистрі.

  • 2001-2008 жылдары Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі, Мемлекеттік қызмет істері агенттігі және Бас прокуратура органдарында әр түрлі лауазымда қызмет атқарады.
  • 2008-2010 жылдары жеке меншік компанияда қызмет етті.
  • 2010-2012 жылдары ҚР Президенті Әкімшілігінің аумақтық-ұйымдастыру және мемлекеттік бақылау жұмыстары бөлімінің мемлекеттік инспекторы қызметін атқарды.
  • 2012-2013 жылдары – Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары.
  • 2013-2016 жылдары Орал қаласының әкімі қызметінде болды.
  • 2016-2019 жылдары Батыс Қазақстан облысының әкімі болды.
  • 2019 жылғы маусымнан 2022 жылғы желтоқсан аралығында – Астана қаласының әкімі.
  • 2022 жылғы 9 желтоқсанда Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен премьер-министрдің орынбасары болып тағайындалды.
  • 2023 жылғы 3 сәуірде ҚР Президентінің Жарлығымен Қазақстан Республикасы премьер-министрінің орынбасары болып қайта тағайындалды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: