Жаңалықтар тізбегі
0

Тоқаев ЕАЭО-ға мүше елдерді экономикалық интеграцияны дамытуға шақырды

Тоқаев ЕАЭО-ға мүше елдерді экономикалық интеграцияны дамытуға шақырды, сурет - Zakon.kz жаңалық 09.12.2022 16:29 Сурет: akorda.kz
9 желтоқсан күні Бішкекте өткен Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңес отырысында Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 2020 жылы Еуразиялық экономикалық интеграцияның 2025 жылға дейінгі даму стратегиясы қабылданғанын айтып, осы мәселеге кеңінен тоқталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ол бүгінде ЕАЭО-ға мүше елдер үкіметтері Комиссиямен бірлесіп, оны жүзеге асырып келе жатқанын айтты.

"Әрине, бұл процесс бастапқыда ойлағандай тез жүріп жатқан жоқ. Мұның объективті себептері бар. Жекелеген мәселелер Тараптар үшін өте өзекті".Қасым-Жомарт Тоқаев

Ол осы орайда "прагматизм және әрбір қадамның жан-жақты пысықталуы жоспарланған мерзімде жүзеге асыруға деген ұмтылыстан басым болуы керек" екенін атап өтті.

"Стратегияны барлық мүше мемлекеттердің ұлттық мүддесін толық ескере отырып, кезең-кезеңімен жүзеге асыру – ең дұрыс тәсіл".Қасым-Жомарт Тоқаев

Ол Қазақстан интеграцияны дамытуға мүдделі екенін атап өтті.

"Қазақстан тарапынан интеграциялық процестерді тежеу туралы сөз болуы мүмкін емес. Қазақстан, керісінше, ЕАЭО туралы шартқа толық сай келетін экономикалық интеграция процесін жетілдіру және оңтайландыру үшін барлық күш-жігерін жұмсайды. Біздің халықтарымыз, әрине, Қазақстан халқы да, біздің кәсіпкерлеріміз де мұндай интеграцияның пайдасы мен нәтижесін көруі тиіс. Дегенмен көзделген көптеген интеграциялық бағыт бойынша біз әлі де "кібіртіктеп" тұрмыз".Қасым-Жомарт Тоқаев

Ол Одақтың цифрлық күн тәртібіндегі жұмыстардың нәтижесі көрінбейтінін сынға алды. Оның айтуынша, Қазақстан бұл бағытта айтарлықтай алға жылжыды. Бүгінде біз цифрландырылған отыз мемлекеттің қатарына кіреміз.

Елімізде мемлекеттік қызметтердің 90 пайыздан астамы электронды форматта көрсетіледі. ІТ технологиялар мен инновациялардың бәсекеге қабілетін арттыру үшін заңнамалық негіздер жасалды. IT стартаптарының халықаралық технопаркі табысты жұмыс істейді. Криптоиндустрия дамып, цифрлық теңге енгізіліп жатыр.

"Осының бәрін интеграцияны дамытуға, еуразиялық ауқымдағы жобаларды жасауға пайдалануымыз керек деп есептеймін. Біз Одаққа мүше елдерді осы бағыттағы жұмысты жандандыруға шақырамыз".Қасым-Жомарт Тоқаев
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: