Жаңалықтар тізбегі
0

Тоқаев: Қазіргі геосаяси жағдай ұзақ мерзімді болады

ҚР президенті, сурет - Zakon.kz жаңалық 27.05.2022 17:32 Сурет: akorda.kz
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Бішкекте өтіп жатқан Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің отырысына қатысуда, деп хабарлайды Zakon.kz.
Геосаяси сілкіністер әлемдік экономиканың дамуына елеулі түзетулер енгізді. Биылғы жылы Халықаралық валюта қорының жаһандық экономикалық өсімге қатысты болжамдары 3,6%-ға, ал Дүниежүзілік сауда ұйымының болжамы 2,8%-ға дейін төмендетілді. Жаһандық және өңірлік сын-қатерлер жағдайында ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің бірлескен күш-жігері кедергілерді сәтті еңсеріп, макроэкономикалық тұрақтылық пен өсу динамикасын қамтамасыз етеді. Қасым-Жомарт Тоқаев

Мемлекет басшысы одақ жұмыс істеген жылдар ішінде Қазақстанның өзара саудасы 33 пайызға, экспорт 55 пайызға өскенін еске салды.

Бүгінгі таңда Қазақстанда 15 мыңнан астам бірлескен кәсіпорын жұмыс істейді және олардың саны өсуде.

Қазақстан Президентінің айтуынша, бұл көрсеткіштер интеграциялық ынтымақтастықтың табыстылығын айғақтайды.

Азаматтарымыздың игілігі үшін сауда-экономикалық ынтымақтастықты серпінді дамытуға ортақ күш-жігерді бағыттау маңызды деп санаймын. Мен мұны жаһандық сын-қатерлерге қарсы ұжымдық иммунитетті нығайтудың кепілі деп білемін. Қасым-Жомарт Тоқаев

Мемлекет басшысы бүгін байқалған санкциялық текетірес өзінің мәні мен салдары жағынан бұрын-соңды болмағанын айтты.

Қазақстан Президенті ағымдағы жылдың ақпан айында өткен Еуразиялық үкіметаралық кеңес аясында оларға Еуразиялық бестік елдері экономикасының тұрақтылығын қамтамасыз ету бойынша экономикалық шараларды әзірлеу үшін жоғары деңгейдегі жұмыс тобын құру ұсынылғанын нақтылады.

Жұмыс тобы құрылды, іс-шаралар кешені әзірленді, олар жүзеге асырылуда және қазірдің өзінде белгілі нәтижелер бар. Дегенмен, қазіргі геосаяси жағдайдың ұзақ мерзімді сипатта болатынын түсіну керек және оған дайын болу керек. Қасым-Жомарт Тоқаев
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: