Үшінші елдермен және одақтармен ынтымақтастық айырықша маңызға ие болады - Тоқаев
Пандемия салдарының біртіндеп теңестірілуін ескере отырып, үшінші елдермен және одақтармен арадағы ынтымақтастық айрықша маңызға ие болады, - деді Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің (ЕЭК) кезекті отырысында, деп хабарлайды zakon.kz тілші.
Пандемия салдарының біртіндеп теңестірілуін ескере отырып, үшінші елдермен және одақтармен арадағы ынтымақтастық ерекше маңызға ие болады. Сонымен қатар Израиль, Мысыр, Үндістанмен еркін сауда туралы келісімдерге отыру бойынша жүргізілген келіссөздер шамамен 5-6 жыл бойына жалғасып келеді. Моңғолия мен Индонезия нарықтары екі жылдан бері зерттеліп жатыр. Меніңше, комиссия келіссөздер процестерін жылдамдатып, басқа елдермен келіссөздер ынтымақтастығы бойынша ұсыныстар дайындай алады деп ойлаймын. Әрине, бұл реттегі бәсеңсу пандемиямен байланысты екені түсінікті, бірақ бірте-бірте бұл қиын жағдайдан шыға отырып, келіссөздер процесін жеделдетуге болады деп пайымдаймын, - деді Тоқаев.
Сондай-ақ ол ШЫҰ-мен ынтымақтастықты ары қарай белсенді түрде өрбіте түсу маңызды екенін және бұл бағыттағы алғашқы маңызды қадам қазірдің өзінде жасалып үлгерген.
Президент биылғы жылдың қыркүйегінде ЕАЭО мен ШЫҰ арасында өзара түсіністік пен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылғанын, енді жұмысты практикалық арнаға бағыттау қажет екенін еске салды.
Оның айтуынша, жаңа сауда бірлестігі - Жан-жақты қамтылған өңірлік экономикалық әріптестікпен (ЖӨЭӘ) өзара әрекеттесу тәсілдерін пысықтап қойса да жақсы болар еді, өйткені оң нәтижеге қол жеткізу мүмкіндігінің алғышарттары бар.
ЖӨЭӘ-ны құру туралы келісімге 2020 жылы 15 қарашада Ханойда қол қойылған есімде. Ол плюс еркін сауда аймағын құруды қарастырады. Плюс дегеніміз бұл ұйым басқа елдермен ынтымақтастыққа әрдайым ашық екенін және 10 мемлекетті қамтитынын білдіреді. Бұл Индонезия, Лаос, Камбоджа, Бруней, Вьетнам, Малайзия, Мьянма, Сингапур, Таиланд, Филиппин, сондай-ақ еркін сауда-саттық туралы келісімге қол қойған бес мемлекет - АСЕАН да бар. Бұл Австралия, Қытай, Жаңа Зеландия, Корея Республикасы және Жапония. Оң нәтижеге қол жеткізу мүмкіндіктерінің алғышарттары бар. Еркін сауда аймағы туралы келісім болғандықтан, біз оның екі мүшесі - Сингапур мен Вьетнаммен қол қойысып қойдық, - деп түсіндірді Мемлекет басшысы.
Айша Төлеубекова, Кәмшат Сатиева