Тоқаев Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің шағын құрамдағы отырысына қатысты

ЕАЭО отырысы, Қасым-Жомарт Тоқаев, Санкт-Петербург, сурет - Zakon.kz жаңалық 25.12.2023 22:17 Сурет: Ақорда
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің шағын құрамдағы отырысына қатысты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қасым-Жомарт Тоқаев Санкт-Петербург қаласында өткен Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің (ЖЕЭК) кезекті отырысына қатысты, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Шағын құрамдағы кездесуге Қазақстан Президентімен қатар, Ресей Федерациясының Президенті – ЖЕЭК төрағасы Владимир Путин, Армения Премьер-министрі Никол Пашинян, Беларусь Президенті Александр Лукашенко, Қырғызстан Президенті Садыр Жапаров, сондай-ақ Еуразиялық экономикалық комиссия алқасының төрағасы Михаил Мясникович қатысты.

Сурет: Ақорда

Мемлекеттер басшылары Еуразиялық экономикалық одақ аясындағы интеграциялық процестерді одан әрі дамытудың негізгі міндеттері мен басты бағыттарын, сондай-ақ Ұйымның 2024 жылға арналған халықаралық ынтымақтастық жоспарын талқылады. Сонымен қатар жиынға қатысушылар ЕАЭО қызметінің жекелеген аспектілері жөнінде пікір алмасты.

Садыр Жапаров, ЕАЭО отырысы, сурет - Zakon.kz жаңалық 25.12.2023 22:17

Сурет: Ақорда

2023 жылы 25 желтоқсанда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Президенті Владимир Путиннің шақыруымен Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңес отырысына қатысу үшін Санкт-Петербург қаласына барды. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңес отырысына қатысу үшін Борис Ельцин атындағы президенттік кітапханаға келіп жеткені хабарланған болатын

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: