Тоқаев Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің шағын құрамдағы отырысына қатысты

Ресей, Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңес, сурет - Zakon.kz жаңалық 25.05.2023 17:11 Сурет: akorda.kz
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 25 мамыр күні Мәскеуде Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің Мшағын құрамдағы отырысына қатысты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жиын барысында мемлекеттер басшылары Еуразиялық экономикалық одақтың қызметі мен даму перспективаларына қатысты өзекті мәселелер жөнінде пікір алмасты, деп жазды Ақорданың Telegram-дағы ресми арнасы.

Шағын форматта өткен жиынға мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевпен қатар Ресей Федерациясының президенті – ЖЕЭК төрағасы Владимир Путин, Армения премьер-министрі Никол Пашинян, Беларусь президенті Александр Лукашенко, Қырғызстан президенті Садыр Жапаров, сондай-ақ Еуразия экономикалық комиссия алқасының төрағасы Михаил Мясникович қатысты.



Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: