Бішкекте Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің отырысы басталды
Сурет: akorda.kz
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңесінің отырысына қатысу үшін Бішкек қаласына жұмыс сапарымен барды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Әуежайда мемлекет басшысын Қырғыз Республикасы Министрлер кабинетінің төрағасы – Президент Әкімшілігінің басшысы Ақылбек Жапаров күтіп алды.
Кейіннен Қырғыз Республикасының президенті Садыр Жапаров Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевты «Ала-Арча» резиденциясының Конгресс-холлында қарсы алды.
Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің шағын және кеңейтілген құрамдағы отырыстары өтетінін Ақорда хабарлаған еді.
Ақорда Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңеске қатысушылардың бірлескен суретке түскен сәтінен фото жариялады.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
