ЖЕЭК-тің шағын құрамдағы отырысында түсірілген суреттер жарияланды
Сурет: akorda.kz
Ақорда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қатысқан Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің (ЖЕЭК) шағын құрамдағы отырысында түсірілген суреттерді жариялады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Шағын форматта өткен жиынға Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевпен қатар Ресей Федерациясының Президенті – ЖЕЭК төрағасы Владимир Путин, Армения Премьер-министрі Никол Пашинян, Беларусь Президенті Александр Лукашенко, Қырғызстан Президенті Садыр Жапаров, сондай-ақ Еуразия экономикалық комиссия алқасының төрағасы Михаил Мясникович қатысты.
Жиын барысында мемлекеттер басшылары Еуразиялық экономикалық одақтың қызметі мен даму перспективаларына қатысты өзекті мәселелер жөнінде пікір алмасты.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript






