Тоқаев Ельцин атындағы президенттік кітапханаға келіп жетті
Сурет: Ақорда
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңес отырысына қатысу үшін Борис Ельцин атындағы президенттік кітапханаға келді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Ақорданың хабарлауынша, Мемлекет басшысын Ресей Президенті Владимир Путин қарсы алды.
2023 жылы 25 желтоқсанда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Президенті Владимир Путиннің шақыруымен Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңес отырысына қатысу үшін Санкт-Петербург қаласына барды.
Еуразиялық экономикалық одақ елдерінің басшылары интеграциялық процестерді одан әрі дамытудың басты міндеттері мен негізгі бағыттарын талқылауды жоспарлап отыр.
Сонымен қатар Қазақстан Президенті ТМД елдері басшыларының бейресми кездесуіне де қатысады.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript