Оралдағы су арнасы кәсіпорыны өздеріне тексеріс жүргізген Антикорды сотқа бермек

Сот Сурет: Zakon.kz
Оралды сумен қамтитын "Батыс су арнасы" кәсіпорны теріс ақпарат таратқаны үшін Антикорды сотқа бермек. Бұған құзырлы органның "Батыс Су арнасы" мекемесін тексеріп, қате деректі таратуы себеп болған, деп хабарлайды Zakon.kz.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің дерегінше, осыдан үш жыл бұрын "Батыс су арнасы" 43 миллион теңгеге су айдайтын насостар сатып алған. Бірақ мекеме тендерде жеңіп алған жеткізушінің ыңғайына жығылып, сол ұсынған қондырғыны алған. Ал кәріз суын айдайтын насос стансасына мұндай қондырғы сай келмейді. Осылайша қыруар қаржыға алынған насос енді жұмыс істемей тұр дейді құзырлы орган өкілдері. Бүгінде қаланы сумен қамтитын кәсіпорынның қарызы 1 миллиард теңгеден асып кеткен, деп хабарлайды Астана телеарнасы.

"Батыс су арнасы" жеке компанияның пайдасы үшін осындай әрекетке барып, қыруар қаржы желге ұшты. Бұл заңбұзушылыққа қалалық тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы бөлімі назар аудармады. Өйткені есеп беру жұмыстары қағаз жүзінде ғана жүргізілген. Заңның бұзылғанын қаржы бөлімі де тексермепті". БҚО Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет превенция басқармасының бас маманы Динара Жұмабаева

Ал "Батыс су арнасының" басшылығы мұнымен келіспейді. Мекеме өкілдері керісінше, мемлекет қаржысын үнемдедік деп отыр. Өйткені қазір мұндай қондырғының құны 100 миллион теңгеден асатын көрінеді. Сондықтан, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет қате ақпарат таратты деп Антикордың өзін айыптайды.

"Негізі мұның бәрі маған дейін болған нәрсе. Бірақ даулы қондырғы кәріз жүйесі стансасына арнайы алынғанымен, стансаның өзі апатты жағдайда. Сондықтан су айдайтын құрылғыны орнатпадық. Қазір жаңа қондырғы қоймада жатыр. Стансаны жөндеген соң орнатамыз деп шештік. Ал Антикор қызметкерлері біздің саланың маманы әлде инженер де емес. Сондықтан тексеру актісімен келіспейтінімізді, қате екенін білдірдік. Қажет болса оларды сотқа да береміз"."Батыс су арнасы" ЖШС директоры Әнуар Аркенов
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз