Жаңалықтар тізбегі
0

Қазақстанда ауыл шаруашылығы жануарларын тіркейтін мобильді қосымша пайда болады

Сиыр, сурет - Zakon.kz жаңалық 10.12.2022 11:40 Сурет: pixabay
Үкімет мүшелері ауыл шаруашылығы жануарларын тіркейтін VET-Mobile мобильді қосымшасын енгізу мәселесі талқылады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Үкімет басшысы Әлихан Смайылов 10 желтоқсанда цифрландыруды енгізу мәселелері жөніндегі комиссияның отырысын өткізді.

"Отырыста ауыл шаруашылығы жануарларын тіркеуге және ветеринариялық-профилактикалық іс-шаралардың жыл сайынғы тізімдемесін жүргізуге мүмкіндік беретін VET-Mobile мобильді қосымшасын енгізу мәселесі қаралды", - делінген хабарламада.

Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеевтің сөзінше, бұл қосымша ветеринар дәрігерлердің жұмысын едәуір жеңілдетуге мүмкіндік береді және ол интернетсіз жұмыс істей алады, бұл шалғайдағы елді мекендер үшін аса маңызды.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: