Ауыл шаруашылығы министрі қыста көкөніс жеткілікті болады деп сендірді
Ауыл шаруашылығы министрінің айтуынша, қазір көкөніспен қамтамасыз ету де, оның бағасы бойынша да жағдай тұрақты.
"Көкөністер бойынша жағдай тұрақты. Дүкенге барасыз ба? Көрдіңіз бе, картоп 130-140 теңге тұрады. Мұндай жағдай бұрын-соңды болмаған. Биыл көкөністерді 4,2 миллион тоннадан 4,9 миллион тоннаға дейін өсірдік. Толық картопқа, сәбізге, орамжапыраққа сұранысымызды жауып тастадық. Солай болады деп ойлаймын. Қияр мен қызанаққа келсек, бізде бұл жыл сайын осылай. Бірінші рет емес. Қазан, қараша айларында ашық жеріміз таусылады және "жабық" топырақ пайда болады. Ал ол қымбатырақ. Осыған байланысты қияр мен қызанақ бағасы жылда өседі. Әрине бұл қызанақтың 1,5 мың теңге тұруы жақсы дегенім емес".Ербол Қарашүкеев
Сондықтан ол басқарманың жоспары бар екенін, жабық алаңдар енгізіліп, жылыжайлардың көлемі артып келетінін айтты. Мұның барлығы динамикалық түрде қаржыландырылады.
"Бұл жерде бір ғана жауап беруге болады - өнім көлемін ұлғайту керек. Ол үшін барлық қажет шара қарастырылған. Біз қаржыландыруды, өсірілетін жылыжайлардың көлемін ұлғайтуды жалғастырамыз. Әрине, бізде әлі де қияр мен қызанақ түріндегі көкөністердің экспортталатынында мәселе бар. Көбірек экспорттау керек. Меніңше, қазір баға тұрақтанып жатыр. Ашық жерден жабық жерге көшуге байланысты мұндай баға секіруі жылда болады. Сондықтан жыл сайын біз қияр да, қызанақ та өндіру көлемін ұлғайтып жатырмыз. Меніңше, жағдай тұрақталып келеді".Ербол Қарашүкеев
Ол "Қазақстандықтарға биыл қыста көкөніс жеткілікті бола ма, өткен жылдардағыдай кейбіреулері жетіспей ме?" деген сауалдарға жауап бере отырып, көкөніс көлемі жеткілікті деп сендірді.
"Әрине, бізде шамамен 4 миллион тонна картоп бар, оның 2 миллион тоннасы ұйымдасқан шаруа қожалықтарынан, екінші жартысы жеке шаруа қожалықтарынан. Ауылдардың жартысы өзін-өзі қамтамасыз етіп жатыр. Биыл көкөніс 4,2 миллион тоннадан 4,7 млн тоннаға жетті. Жалпы көкөністер тобының барлық түрі бойынша түсім артқанын көріп отырмыз. Сапасы өте жақсы".Ербол Қарашүкеев
Министр қазір ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері мұның барлығын көкөніс қоймаларына салып жатқанын атап өтті. Бұл ретте, мысалы, Қазақстан өзін картоппен қамтамасыз етіп қана қоймай, көршілес Өзбекстан, Ресей сияқты шекаралас мемлекеттерді де қамтамасыз етеді.
"Бірақ біз бірінші кезекте бақылаймыз, көкөністеріміздің ішкі нарыққа жеткілікті болуын қадағалаймыз. Енді бізде күмән жоқ, көкөністер жеткілікті, жыл жақсы болды, барлығын қамтамасыз етеміз".Ербол Қарашүкеев
2022 жылдың қазан айында сарапшылар Қазақстанда жаңа піскен көкөністердің бағасы бір жылда 10% өскенін хабарлады. Сонымен қатар есеп бойынша, еліміздің көкөніс импорты экспорттан едәуір асып түседі.