Ауыл шаруашылығы министрі егін жинау болжамын айтты
Сурет: primeminister.kz
Үкімет отырысында Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашүкеев биылғы егін жинау болжамы туралы айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.
Облыс әкімдіктерінің мәліметінше, жалпы астық жинаудың болжамды көлемі 18,3 млн тонна деңгейінде болады деп болжанды. Оның ішінде 13,4 млн тоннадан астамы - бидай.Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашүкеев
Сонымен қатар министрдің айтуынша, республикада 3,1 млн тонна көлемінде астықтың өткізу балансы бар. Оның ішінде бидай – 2,5 млн тонна.
Ауыл шаруашылығы министрлігінің басшысы өткізу балансын ескере отырып, жалпы астық жинаудың күтілетін көлемі республиканың ішкі қажеттілігін толық қамтамасыз етуге, сонымен бірге астықтың белгілі бір көлемін экспортқа өткізуге жеткілікті деп сендірді. Тиісінше біздің нарығымыздағы дәстүрлі сауда позицияларын сақтап қалу да ескеріледі.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript