Жаңалықтар тізбегі
0

«Жамбыл облысындағы үкіметтік емес секторының тиімді жұмысы» атты Study-тур өтті

Жамбыл облысы, сурет - Zakon.kz жаңалық 03.12.2022 14:39 Сурет: Жамбыл облысының әкімдігі
2022 жылдың 11 қарашасында Жамбыл облысы әкімдігінің ішкі саясат басқармасы мен облыстық Үкіметтік емес ұйымдарға арналған Ресурстық орталықтың ұйымдастыруымен «Жамбыл облысындағы үкіметтік емес секторының тиімді жұмысы» атты Study-тур өтті.

Іс-шараға ҮЕҰ жетекшілері, мемлекеттік органдар және БАҚ өкілдері қатысты.

Іс-шара барысында шараға қатысушылар кәсіби қызметімен ерекшеленетін облыстың жетекші ҮЕҰ-ның жұмыстарымен танысты. Олар: «Шебер шаңырақ» мүгедектер қоғамдық бірлестігі, жетекшісі Анар Бексұлтанова; «Амазонка» онкологиялық науқастарды қолдау қоры» қоғамдық қоры, жетекшісі Анжелика Сарьян; «Жамбыл облысының іскер әйелдер қауымдастығы» қоғамдық бірлестігі», жетекшісі Меруерт Лештаева.

Жамбыл облысы, сурет - Zakon.kz жаңалық 03.12.2022 14:39

Сурет: Жамбыл облысының әкімдігі

Study-тур ары қарай облыс әкімінің орынбасары Еркін Ұйсімбаевтың қатысуымен «ҮЕҰ мен мемлекеттік билік органдарының өзара іс-қимылын күшейту: мемлекеттік саясаттың тиімділігін арттырудың кепілі» атты бейресми кездесуге ұласты.  

Еркін Құлымбайұлы облыстың ҮЕҰ-ның табысты жұмысы туралы және мемлекеттің коммерциялық емес ұйымдармен өзара іс-қимылы туралы ой бөлісті, сондай-ақ қоғам белсенділері өз кезегінде азаматтық қоғамды мазалайтын өзекті мәселелермен бөлісіп, ҮЕҰ-дың ынтымақтастығы және дамуы бойынша өз ұсыныстарын айтты.

Жалпы, облыста бүгінгі таңда 800-ден астам коммерциялық емес ұйымдар тіркелген, олардың 200-ден астамы белсенді қызмет етуде. Үкіметтік емес ұйымдар мен биліктің өзара іс-қимылының маңызды бөлігі мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты іске асыру болып табылады.


Сурет: Жамбыл облысының әкімдігі

Жамбыл облысы, сурет - Zakon.kz жаңалық 03.12.2022 14:39

Сурет: Жамбыл облысының әкімдігі

Ағымдағы жылы мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс аясында                                142 жобаға 1 млрд астам қаржы бөлінген.

ҮЕҰ-ның қоғамдағы рөлі мен маңызын арттыратын құралдардың бірі мүмкіндігі шектеулі жандарға әлеуметтік қолдау көрсету жобалары. Қаржы көлемінің 85,5%-ы немесе 992,4 млн теңгесі (65 жоба) мүмкіндігі шектеулі адамдардың мәселелеріне бағытталған.

Жалпы, өткен жылдар ішінде мемлекеттік органдар мен үкіметтік емес ұйымдардың ынтымақтастығы жүйелі сипатқа ие болып үлгерді.

Қазіргі таңда қоғам үкіметтік емес ұйымдарға мемлекеттің тең серіктесі ретінде қарайды.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: