Жамбыл облысындағы жер сілкінісі: Үкіметтік жұмыс тобы өңірге аттанды

Жамбыл облысындағы жер сілкінісі: Үкіметтік жұмыс тобы өңірге аттанды, сурет - Zakon.kz жаңалық 28.03.2025 17:41 Сурет: Zakon.kz/Екатерина Елисеева
Үкіметтік жұмыс тобы жер сілкінісінен кейін жағдайды сараптап, бағалау және шара қолдану үшін Жамбыл облысына жіберілді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Премьер-министр Олжас Бектеновтің тапсырмасы бойынша Жамбыл облысында орын алған жер сілкінісіне байланысты жергілікті атқарушы органдарға жағдайды талдау, жедел шаралар қабылдау, келтірілген шығынды анықтау және бағалау мәселелерінде көмек көрсету үшін төтенше жағдайлар вице-министрі бастаған үкіметтік жұмыс тобы өңірге жіберілді.

Сондай-ақ жұмыс тобы құрамында – Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі Құрылыс және ТКШ істері комитетінің төрағасы, "ҚазҚСҒЗИ" АҚ филиалының басшылығы, Үкімет Аппаратының өкілдері бар.

Премьер-министр бірінші кезекте әлеуметтік нысандардағы, тіршілікті қамтамасыз ету нысандарындағы, жол қатынастары  мен өнеркәсіп кәсіпорындарындағы жағдайды басым тәртіппен бақылауда ұстауды тапсырды. Сонымен қатар нысандарды тексеру, шығындарды бағалау және деректерді жинау бойынша мобилді топтардың санын көбейтуді тапсырды.

Еске салайық, бүгін, 28 наурыз күні күндіз Жамбыл облысында жер сілкінді.

Жер сілкінісінің ошағы Қазақстан аумағында Алматыдан оңтүстік-батысқа қарай 323 шақырым жерде орналасқан.

Жамбыл облысындағы сезімталдығы туралы мәліметтер:

  • Мерке ауылы 4.5 б;
  • Кұлан ауылы 4.1 б;
  • Шу қаласы 2.4 б;
  • Толе Би ауылы 2.3 б;
  • Сарыкемер ауылы 2.3 б;
  • Тараз қаласы 2.2 б;
  • Қордай ауылы 2.1 б;
  • Аса ауылы 2.0 б.
Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: