Қазақстанда қанша Ресей азаматы жұмыс істейді

Ресей азаматы, Қазақстан, жұмыс, сурет - Zakon.kz жаңалық 13.12.2022 16:46 Сурет: pixabay
ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Көші-қон комитеті төрағасының міндетін атқарушы Ілияс Испанов қазір елде 298 мыңға жуық Ресей азаматы болса, оның 30 мыңы жұмыс істеп жүргенін мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.

Ол ішінара мобилизация жарияланғалы бері Қазақстанға 837 мың адам келіп, 780 мың адам кеткенін атап өтті.

"Бүгінгі таңда елімізде әртүрлі себептермен 298 мыңға жуық ресейлік жүр. Оның ішінде 30 мың адам келісім-шарт бойынша жұмыс істейді, соның негізінде уақытша тұру тіркеуі бар. Қазақстанда 20 мыңға жуық студент оқиды". Ілияс Испанов

Сонымен қатар кейбір Ресей азаматы Қазақстанды транзиттік ел ретінде пайдаланды. 21 қыркүйектен бері 198 мыңға жуық адам Қазақстан арқылы басқа елдерге ұшып кеткен.

21 қыркүйекте Ресей президенті Владимир Путин ішінара мобилизация жариялады. Ол шара 31 қазанда аяқталды.

Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: