Елімізде қанша шетелдік жұмыс істейді
Сурет: primeminister.kz
Қазақстанда ресми түрде 16 061 шетел азаматы жұмыс істейді. ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі статистика жариялады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Ал елімізде шетелдік жұмыс күшін пайдаланатын 1766 жұмыс беруші бар.
Қазақстанда ресми түрде жұмыс істейтін шетел азаматтары:
Қытай – 3587 адам;
Түркия – 1820 адам;
Үндістан – 1691 адам;
Өзбекстан – 1563 адам;
Ұлыбритания – 1123 адам.
Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгi республикаға шетелдiк мамандарды тартуға квота белгiлеп, бөледi. Бұл ішкі еңбек нарығын қорғауға қажет.
Биыл министрлік шетел жұмыс күшін тартуға арналған квотаны бұрын жоспарланған 28 352 бірліктен 23 560 бірлікке дейін, яғни 4 792 адамға (16%) қысқартты.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript