Қазақстанның бірнеше өңірінде жаяу бұрқасын мен аязға байланысты ескерту жарияланды

Аяз, қар Сурет: pixabay
"Қазгидромет" синоптиктері еліміздің үш өңірінде қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жариялады, деп хабарлады Zakon.kz.

14 желтоқсанда Ақтөбе облысының орталығында шығыстан, оңтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні - 16 м/с.

14-16 желтоқсанда Түркістан облысының оңтүстігінде, батысында, таулы және тау бөктерлі аудандарында тұман түседі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, тау асуларында күші - 15-20 м/с.

Шымкентте және Түркістанда 14-16 желтоқсанда түнде, таңертең тұман түседі.

14 желтоқсанда Шығыс Қазақстан облысының түнде басым бөлігінде, күндіз солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде жаяу бұрқасын болады. Жел солтүстік-батыстан, батыстан соғады, күндіз облыстың оңтүстігінде екпіні - 15-20 м/с. Ауа температурасы 20-25, облыстың солтүстігінде 30 градус аязға дейін күрт төмендейді.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз