Қазақстанның төрт облысында ауа райына байланысты ескерту жарияланды

Ауа райы болжамы, сурет - Zakon.kz жаңалық 12.10.2022 21:15 Сурет: pexels
13 қазанда еліміздің төрт өңірінде ауа райына байланысты ескерту жариялады, деп хабарлайды Zakon.kz "Қазгидрометке" сілтеме жасап.

Күндіз Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында оңтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с-қа дейін жетеді.

Петропавл қаласында күндіз оңтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні – 15-20 м/с.

Түнде және таңертең Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде тұман түседі. Орал қаласында түнде және таңертең дала тұманды болады.

Күндіз Ақтөбе облысының солтүстік-батысында оңтүстік-батыстан екпіні 16 м/с жел соғады.

Жетісу облысының солтүстік-шығысында оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні – 15-20 м/с.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: