Қазақстанның сегіз өңірінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды

1 ақпан күні Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында боран соғады. Синоптиктер облыстың батысында тұман болады деп болжап отыр. Облыстың оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында оңтүстік батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с жетеді.
Қарағанды облысының батысы мен шығысында тұман түседі.
Қызылорда облысының орталығында тұман болады.
Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде боран борап, көктайғақ болады. Облыстың оңтүстік шығысында тұман түседі. Облыстың солтүстігінен, солтүстік-батысынан жел секундына 15-20 метр жылдамдықпен соғады. Оңтүстіктен жел соғады, күндізгі екпіні 18 м/с жетеді.
Маңғыстау облысының солтүстік шығысында, оңтүстігінде тұман түседі. Ақтау қаласында түнде және таңертең тұман түседі.
Ақтөбе облысының солтүстік-шығысында төмен бұрқасын болады, облыстың оңтүстік-батысында көктайғақ болады деп күтіледі.
Қостанай облысының солтүстігі мен шығысында боран соғады. Облыстың оңтүстігінде тұман түседі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың шығысында соққан желдің екпіні 15-20 м/с жетеді.