Еліміздің бірнеше өңірінде ауа-райына байланысты ескерту жарияланды

inform.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 12.04.2021 23:25 inform.kz
Тұман түседі, қатты жел соғады, найзағай жарқылдап, кей жерде бұршақ жауады деп болжанады.

13 сәуірде Қазақстанның бірнеше облысында ауа-райына байланысты ескерту жарияланды, деп хабарлайды zakon.kz.

Қостанай облысында кей жерлерде тұман болады деп күтіледі. Солтүстік-шығыстан, шығыстан соққан жел екпіні 15 м / с құрайды.

Ақмола облысында кей жерлерде тұман түсуі ықтимал. Солтүстік-шығыстан, күндіз облыстың оңтүстік-шығысынан соққан жел екпіні 15-20 м / с құрайды. Көкшетауда түнде тұман түседі деп күтіледі.

Қызылорда облысында солтүстік-шығыстан, кей жерлерде шығыстан екпіні 15-20 м / с жылдамдықпен жел соғады деп күтіледі.

Түркістан облысында найзағай ойнайды, бұршақ жауады, солтүстік-шығыстан 15-20 м / с екпінмен жел соғады. Шымкентте таңертең және күндіз найзағай жарқылдап, күн бұзылады. Түркістанда мезгіл-мезгіл найзағай ойнап, аспанды қара бұлт басады.

Ақтөбе облысында солтүстік-шығыстан, шығыстан соққан жел екпіні 18 м / с құрайды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: