Месси бастаған Аргентина құрамасы 2022 жылғы әлем чемпионатының финалына шықты

Аргентина құрамасы әлем чемпионатының финалына шықты Сурет: fifa.com
Аргентина құрамасы Катардағы футболдан әлем чемпионатының жартылай финалында Хорватия командасын жеңді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Аргентина құрамасы Лусаилдағы "Лусаил Айконик" стадионында өткен кездесуде қарсыласы Хорватия командасын 3:0 есебімен жеңді.

Аргентиналықтардың бірінші таймдағы алғашқы голын Лионель Месси пенальти арқылы (34') соқты. Осылайша, Месси карьерасында екінші рет әлем чемпионатының финалына шығып отыр. Одан кейінгі екі голды Хулиан Альварес соқты (39',69').

Айта кетейік, Аргентина құрамасы финалда 15 желтоқсандағы (Қазақстан уақыты бойынша) Франция мен Марокко матчының жеңімпазымен ойнайды. Финалдың өзі жексенбі күні, 18 желтоқсанда өтеді.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз