Жамбыл облысында әскери қызметкер бірнеше адамды соққыға жықты

Тараз горнизоны, әскери қызметкер Сурет: видеодан скриншот
2022 жылғы 14 желтоқсанда әлеуметтік желілерде Жамбыл облысында жас сарбаз көшеде бірнеше адамды ұрып-соғып, одан кейін бейтаныс біреудің үйіне кіріп, әйелді ұрғаны туралы ақпарат тарады. Әйелдің айғайын естіген ер адам бұзақыны құрықтады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Видео Telegram арналардың бірінде жарияланды.


Тараз гарнизоны осы жағдай жөнінде Zakon.kz тілшісі түсініктеме берді.

"Тараз гарнизоны әскери бөлімдерінің бірінің әскери қызметкері қызметтен тыс кезде мас күйінде бейбіт тұрғындарға қарсы заңсыз әрекеттер жасаған. Осы факті бойынша әскери құқық қорғау органдары қызметтік тексеру жүргізді." Тараз гарнизонының баспасөз қызметі

Қазір бұл жағдайдың себебі мен мән-жайы анықталып жатыр.

"Тергеу қорытындысы бойынша ҚР Қарулы күштері қатарында әскери қызметті одан әрі өтеу-өтемеуіне қатысты шешім қабылданады". Тараз гарнизонының баспасөз қызметі
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз