Астанада көшеде үш жігіт ер адамды жабыла сабап, тонап кеткен

Бұзақылық, сурет - Zakon.kz жаңалық 11.03.2023 16:08 Сурет: pexels
Астанада көшеде ер адамды ұрып-соғып, тонап кеткен қаскөйлер ұсталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

102 арнасына 26 жастағы азаматтан кешкі уақытта Сарайшық көшесінде белгісіз жігіттердің оны ұрып-соғып, Redmi ұялы телефонын тартып алғаны туралы хабарлама түскен.

Шабуыл жасау сәті сыртқы бақылау камерасына түсіп қалған.


"Криминалдық полиция қызметкерлері қылмысқа қатысы бар үш адамды анықтады. Олар 18, 20 және 21 жастағы жас жігіттер болып шықты, олардың бірі бұрын сотты болған. Қасүнемдер қазір қамауда", делінген хабарламада.

Ұялы телефон тәркіленді, қаскүнемдер оны кепілге қалдырып, сатып жіберген.

Аталған фактіге қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп, олардың елорда аумағында жасалған осыған ұқсас басқа да қылмыстарға қатыстылығы тексеріліп жатыр.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: