Жаңалықтар тізбегі
0

Диетолог Жаңа жыл мерекесінде қалай дұрыс тамақтануға болатынын айтты

Жаңа жылда қалай тамақтану керек, сурет - Zakon.kz жаңалық 15.12.2022 15:34 Сурет: Zakon.kz
Ресейлік диетологтар мереке кезінде денсаулыққа қалай көмектесуге болатынын айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Жаңа жыл кешінде денсаулыққа зиын тигізбеу үшін қалай тамақтану керек?"

Диетолог Виктория Егорова ең бастысы артық тамақтанбаған дұрыс екенін айтып отыр.

Әдетте жаңа жылдық мәзірді дайындап жүріп, күндіз тамақтануды ұмытып кетеміз. Ал кешке бәрі дастархан басына жиналғанда түрлі тағамнан ауыз тиіп, әдеттегіден көбірек мөлшерде тамақтанып қоямыз. Маманның айтуынша, мұндай жағдайдан шығудың ең оңай жолы - 31 желтоқсан күні таңғы ас, түскі ас және олардың арасында жеңіл тағамдар болуын қамтамасыз ету.

"Мереке алдында үстелге аш отырмаңыз, бір стақан су ішіңіз, жеміс-жидек немесе жеңіл салаттың бір бөлігін жеңіз. Содан тәбетіңіз айтарлықтай төмендеп, көп жеп қоюдың алдын аласыз. Біздің түсінігімізде Жаңа жыл салаттардың мерекесі болып кеткен. Тамақты жететіндей етіп пісіріңіз, оны бір апта бойы сақтамаңыз. Бұл уақытта ол бұзылып, дәмін жоғалтады. Ал көп болып тұрған салат оны қайта-қайта жеуге итермелейді. Бұл қайтадан шамадан тыс тамақтануға әкеледі", - деді диетолог.

Майонезді сүйікті дәмдеуіштерді қосып, майсыз йогурттан өз бетіңізше дайындалған соусқа ауыстыру арқылы дәстүрлі салаттардың калориясын азайтуға болады. Мерекелік дастархандағы тағам да ауыр болмауы керек. Әсіресе балық пен теңіз өнімдері болса жақсы. Жаңа піскен көкөністерден, шөптерден және жемістерден, лимон немесе анар шырынын, табиғи йогурт қосылған жеңіл тағамдарды көбірек дайындаңыз.

"Егер қонаққа баратын болсаңыз, үйден тамақтанып шығыңыз"

Диетолог жаңа жылдық тағамды өсімдік майы қосылған көкөніс салатымен бастауға кеңес берді. Пайдалы диеталық тағам біраз уақытқа тәбетіңізді қанағаттандырып қана қоймайды, сонымен қатар негізгі тағамды сіңіруге көмектеседі.

"Аз-аздан тамақтаныңыз, өйткені Жаңа жыл кеші ұзаққа созылады. Алкогольді тосттарға сүйемелдеу ретінде пайдалану керек, оны тамақпен ішуге болмайды. Ал шөлді басу үшін газсыз суды пайдаланыңыз. Суды жеткілікті мөлшерде ішу тәбетті азайтуға көмектеседі. Газдалған қантты сусындардан аулақ болыңыз. Ол асқазанның шырышты қабығын тітіркендіреді, тіпті тойған болсаңыз да, көбірек жеуге деген құштарлықты тудырады. Есіңізде болсын, алкоголь жоғары калориялы сусын. Ал тәттілерде калория одан екі есе көп. Бірақ бұдан бөлек алкогольдің тәбетті арттыратын қасиеті бар. Мереке кезінде байқамай көбірек жеп қоюыңыз мүмкін. Сондықтан түрлі коктейль, тәтті шарап мен тұнбалардан бас тартқан дұрыс. Ал ақ және қызыл құрғақ шарап - ең жақсы таңдау. Егер бір стақан шампаннан бас тарту әлі мүмкін болмаса, онда ол құрғақ немесе жартылай құрғақ болсын. Жүзім шарабын астықтан жасалатын алкогольмен араластырмаңыз. Ауыр интоксикацияға әкелуі мүмкін". Диетолог

Сонымен қатар диетолог мерекелік кеште физикалық белсенділікті ұмытпау керек екенін ескертті. Ол би, қызық ойын, серуен болуы мүмкін.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: