Жаңалықтар тізбегі
0

Семейде ЖЭО-1-де орын алған өрттен кейін қалпына келтіру жұмыстары жүргізіліп жатыр

Семейде өртенген жылу электр орталығы, сурет - Zakon.kz жаңалық 15.12.2022 19:56 Сурет: ҚР ТЖМ
Семейде ЖЭО-1-де орын алған өрттен кейін қалпына келтіру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Мұнда екі құзырлы министрліктің әскери бөлімдері тартылған, деп хабарлайды Zakon.kz.

Сағат 18:00-дегі жағдай бойынша, ҚР ТЖМ-ға қарасты 68303 және ҚР Қорғаныс министрлігінің 28738 әскери бөлімдерінің жеке құрамы қазандық агрегаттарын үздіксіз отынмен қамтамасыз етіп, шамамен 23 тонна көмір жеткізді.  


ҚР ТЖМ атап өткендей, бұл бағыттағы жұмыстар әлі атқарылып жатыр.


Өртенген электр сымдарын қалпына келтіру жұмыстарын ЖЭО-1 және Семей АЭЖ өз мойнына алған. Даладағы ауа температурасы 26 градус аязды көрсетіп тұр. ҚР ТЖМ баспасөз хатшысы Руслан Иманқұлов

15 желтоқсанға қараған түні Семейдегі №1 жылу электр станциясында өрт шықты. Құтқарушылар мен әскери қызметшілер ЖЭО жұмысын тоқтатпай, көмірді қолмен тасып жатыр.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: