Ақордада жоспарға сай жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр
ҚР Президенті Іс Басқармасының баспасөз қызметі
Ақорда резиденциясы 17 жыл бұрын салынған. Оның ресми ашылуы 2004 жылы 24 желтоқсанда өтті. Бірегей ғимараттың шатырына алған рет жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Ақорда резиденциясында жоспарға сай жүргізіліп жатқан жөндеу жұмыстары аяқталуға жақын, деп хабарлайды zakon.kz.
Осы жаздан бастап Ақорда резиденциясының ғимаратында, атап айтқанда, жоспарға сай шатырды жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Жұмыс мамыр айында басталып, қыркүйекте аяқталады. Тарихи ғимарат жаз бойы эстетикалық келбетін жоғалтпасы үшін, оның айналасына құрылыс қоршаулары қойылмайды деп шешілді. Неғұрлым ыңғайлы технология таңдалды. Жағалау жақтағы ғимарат қабырғасының дөдеге бөлшектері алынып тасталды, бұл құрылыс кранының кедергісіз көтерілуі үшін қажет болды. Оның көмегімен жұмысшылар мен қажетті материалдар төбеге жеткізілді, - деп хабарлайды ҚР Президенті Іс Басқармасының баспасөз қызметі.
Ведомстваның мәліметінше, сәндік элемент қазір қоймада сақталып тұр. Шатырды жөндеуге қатысты барлық жұмыстар аяқталғаннан кейін олар өз орнына қойылады.
Ақорда резиденциясы 17 жыл бұрын салынған. Оның ресми ашылуы 2004 жылы 24 желтоқсанда өтті. Бірегей ғимараттың шатырына алған рет жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Мұндағы ғимараттарға "Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметі Әкімшілігінің Әкімшілік ғимараттар дирекциясы" РМК қарайды. Одан бөлек бұл мекеме ірі әкімшілік кешендер - Үкімет үйін, Министрлер үйі, Қаржы министрлігі ғимараттарын қамсыздандыруға жауапты.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript