Жаңалықтар тізбегі
0

Абай облысында оқушысы суицид жасаған мектеп тексеріліп, қорытындысы жарияланды

Суицид, сурет - Zakon.kz жаңалық 15.12.2022 22:51 Сурет: Zakon.kz
Абай облысы Жарма ауданында 15 жастағы екі оқушы өз-өздеріне қол жұмсаған. Асылулы тұрған оның біреуін құтқару мүмкін болғанымен, өкінішке қарай, екіншісі көз жұмған, деп хабарлайды Zakon.kz.

Орын алған қайғылы оқиғадан кейін арнайы құрылған мобильді топ екі күн бойы мектепте жұмыс істеді. Оның қорытындысына сәйкес, Абай облысы Жарма ауданында суицид жасаған бала оқыған мектеп директоры қызметінен шеттетіліп, сынып жетекшісі жұмыстан шығарылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

"9-сынып оқушысы Айқын бұл мектепте бірінші сыныптан бастап оқиды. Көпбалалы отбасында тарбиеленген ол бес баланың тұңғышы. Отбасының тұрмыстық жағдайы жақсы. Айқынның бұрын өз-өзіне қол жұмсау әрекеттері болмаған. Ал суицид жасамақ болғанда құтқарылып қалған оның сыныптасы 11-сынып оқушысымен ерегесіп, төбелескені белгілі болды", делінген хабарламада.

Қазіргі уақытта мектеп директоры қызметінен шеттетіліп, сынып жетекшісі жұмыстан шығарылды.

"Сынып оқушыларын әңгімеге тарту барысында Айқынның барлық сыныптасымен сыйластықта болғандығы анықталды. Өзгеге әрдайым көмекке келуге дайын болып, бәрінің көңіл күйін көтеруге тырысатыны айтылды. Кішіпейіл, адамгершілігі мол, әділ, карапайым ретінде сипатталды. Әрдайым сабаққа дайындалып келіп, өз ойын еркін жеткізетін. Озат оқушы болған ол "Үздік аттестатқа" үміткер еді. Мұғалімдерге ешқашан теріс мінезін көрсетпеген. Мәнерлеп оқудан республикалық байқаулардың, бокстан облыстық жарыстардың жүлдегері", делінген мобильді топ ұсынған хабарламада.


Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: