Түркістан облысында оқушы бала суицид жасады

Оқушы бала, Түркістан облысы, суицид, Бәйдібек ауданы, сурет - Zakon.kz жаңалық 05.03.2025 21:41 Сурет: Zakon.kz
Түркістан облысында оқушы өз-өзіне қол салды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Otyrar.kz мәліметінше, жасөспірім 10-сыныпта оқитыны белгілі. Оқиға Бәйдібек ауданында болған. Қайғылы оқиғаның себептері тергеу мүддесі үшін жария етілмейді. Қазіргі уақытта ҚР Қылмыстық кодексінің 105-бабының 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу шаралары қолға алынған.

"Қылмыстық іс бойынша іс жүргізу прокуроры тағайындалды. Тиісті нұсқаулар берілді. Қазіргі уақытта қажетті тергеу әрекеттері жүргізілуде. ҚР Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды", - деп түсіндіреді Түркістан облысының прокуратурасы.

Аталған іс облыстық прокуратураның бақылауында.

Бұған дейін Ақтөбе облысы Шалқар ауданындағы орта мектеп оқушысы суицид жасағанын, қазір полиция іс қозғап, тергеу жүріп жатқанын хабарлағанбыз.

Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: