Ақтөбеде мектеп оқушысы өз-өзіне қол жұмсады

Ақтөбеде мектеп оқушысы өз-өзіне қол жұмсады, сурет - Zakon.kz жаңалық 14.02.2025 18:11 Сурет: freepik
Ақтөбе облысы Шалқар ауданы Тоғыз орта мектебінің оқушысы суицид жасады. Қазір полиция іс қозғап, тергеу жүріп жатыр, деп хабарлайды Zakon.kz.

Kazinform-ның хабарлауынша, оқиға 17 қаңтар күні оқушының өз үйінде болды.

Шалқар аудандық білім бөлімінің басшысы Аянберген Башановтың айтуынша, сол күні оқушы өзін жайсыз сезініп, сабаққа бармаған. Ал кешкілік мал жайлап, анасы сиыр сауып, ішке кіріп кетеді.

Кешкі ас әзірлеп, күткенімен бала келмей, анасы артынан барады. Сол кезде суицид жасағанын көреді.

"10-сынып оқушысы толыққанды отбасында тәрбиеленді. Әкесі теміржолда жұмыс істейді, анасы мектепте мұғалім. Хат анықталмады. Оқушы белсенді болған, спортпен шұғылданған. Оны ата-аналары да, ауыл тұрғындары да айтып тұр. Бұл ешқандай да буллинг емес". Аянберген Башанов

Ақтөбе облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұловтың айтуынша, кәмелет жасқа толмаған баланың өліміне қатысты қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүріп жатыр.

Полиция да буллинг анықталмағанын айтып отыр. 

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: