Ақтөбеде бір түнде үш адам өз-өзіне қол жұмсады
Аktobe_times Instagram парақшасында жарияланған ақпаратқа сәйкес, қайтыс болған қыздар туралы алғашқы хабарлама әлеуметтік желілерде бүгін, 24 сәуірде тарады. Екеуі түнгі 1:00 шамасында 19-қабаттан секірген.
112 "в" үйдегі тұрғындардың айтуынша, олар түнде қатты дыбыс естіген, сонан соң көлік дабылы қосылған.
"Құлаған жерге құм сеуіп қойыпты. Жақын жерде тұрған жол талғамайтын көлікке де соққы тисе керек, алдыңғы терезесіне брезент, ал капотына жайма жауып қойыпты", - делінген хабарламада.
Сондай-ақ, сол түні тағы бір ақтөбелік өз-өзіне қол жұмсағаны белгілі болды.
"Қыз Әбілқайыр хан даңғылы, 89 мекенжайындағы тоғыз қабатты үйден секірген", - делінген хабарламада.
Zakon.kz редакциясы түсініктеме алу үшін Ақтөбе облысының полиция департаментіне жүгінді.
"24 сәуір сағат 01:48 шамасында Жедел басқару орталығының 102 пультіне "Ақтөбе Ажары" 112 тұрғын үй кешенінің жоғарғы қабатынан адам құлағаны туралы хабарлама келіп түсті. Оқиға орнына келген патрульдік полиция қызметкерлері үйге кірер есіктің алдында екі әйелдің денесін тапты".Ақтөбе облысының полиция департаментінің баспасөз қызметі
Полицейлер мәйіттердің жеке басын анықтады, олар 31 және 56 жастағы әйелдер екені белгілі болды.
Сондай-ақ ведомство өкілдері ҚР Қылмыстық кодексінің 105-бабы 2-бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүргізіліп, оқиғаның себептері анықталып жатқанын хабарлады.