Алматы облысында жасөспірім суицид жасады

суицид, сурет - Zakon.kz жаңалық 31.03.2023 23:58 Сурет: foto-ram.ru
Алматы облысы Тұрар ауылында кәмелетке толмаған жасөспірім өзіне-өзі қол салды. Оны қорада асулы күйінде әжесі тапқан, деп хабарлайды Zakon.kz "Астана" телеарнасына сілтеме жасап.

Әжесінің айтуынша, 2007 жылғы немересі мектептен келген соң тамағын ішіп, ұйықтап қалған. Қайғылы оқиға 2 сағаттан кейін болыпты.

Көршілерді шақырып, медициналық көмек көрсеткенімен, баланы аман алып қала алмады. Аталған дерекке қатысты қылмыстық іс қозғалды. Сот-медициналық сараптама тағайындалды

"Бұл факт ҚР ҚК 105-бабының 1-бөлімінде көзделген қылмыстық құқық бұзушылық құрамының белгілері бойынша СДТБТ-да тіркелген. Қазіргі уақытта тергеу шаралары жүргізілуде. Өзге ақпарат жария етуге жатпайды".Алматы облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: