Алматыда Тәуелсіздік монументіне гүл қою рәсімі өтті

Алматыдағы Республика алаңында Тәуелсіздік монументіне салтанатты түрде гүл қою рәсімі өтті, деп хабарлайды Zakon.kz.
Биыл Қазақстан ел Тәуелсіздігінің 31 жылдығын атап өтуде.

Сурет: Zakon.kz
Алматыда салтанатты шараға 200-ге жуық адам жиналды, оның ішінде әкімдік, мемлекеттік мекеме қызметкерлері мен бұқара халық бар.

Сурет: Zakon.kz
Шара бір минут үнсіздікпен басталды.

Сурет: Zakon.kz
Салтанатты шараға қала әкімі Ерболат Досаев қатысты.
Бөлісу
0
Толық оқу