Ербол Хамитов пара биатлоннан Әлем кубогының жеңімпазы болды

Финляндияда Ербол Хамитов пара биатлоннан Әлем кубогының бірінші кезеңінде 10 км қашықтықты 32:37.0 уақытта бағындырып, алтын жүлдеге ие болды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Екінші орын украиналық қарсыласы Тарас Радқа (33:41,6), үшінші орын да украиналық Александр Алексикке (33:50,7) бұйырды. Бұл - Әлем кубогының кезеңіндегі Қазақстан тарихындағы алғашқы алтын медаль.
Еске сала кетсек, Пара шаңғы мен пара биатлоннан әлем кубогының кезеңі Финляндияның Вуакатти қаласында 7-19 желтоқсан аралығында өтіп жатыр.
Жарыста Ербол Хамитов пара шаңғыдан 5 шақырым қашықтықта күміс жүлде, 10 шақырым қашықтықта қола жүлдені еншілесе, ал Александр Герлиц пара биатлоннан 12.5 шақырым қашықтықта қола медальға ие болған.
Бөлісу
0
Толық оқу