Жаңалықтар тізбегі
0

Пара шаңғышы Ербол Хамитов әлем чемпионатында тағы бір медаль жеңіп алды

 Пара биатлон, Пара биатлоннан әлем чемпионаты, сурет - Zakon.kz жаңалық 27.01.2023 17:35 Сурет: Дене мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларға арналған спорттық даярлау орталығы
Ербол Хамитов 12,5 қашықтықты 41:37,9 уақытта бағындырып, әлем чемпионатында пара биатлоннан қола жүлдеге ие болды. Бұл Zakon.kz басылымына Дене мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларға арналған спорттық даярлау орталығы хабарлады.

Жарыста АҚШ спортшысы Арон Пайк 41:26,8 уақытта мәреге бірінші болып жетсе, неміс спортшысы Скот Минах 41:32,9 уақытымен екінші орынды еншіледі.

Бұған дейін Ербол Хамитов әлем чемпионатында пара биатлоннан 7,5 қашықтықта қола жүлдеге, ал спринт жарысында алтын медальға қол жеткізген еді.

Пара шаңғы және пара биатлоннан әлем чемпионаты Швецияның Эстерсунд қаласында 21-29 каңтар аралығында өтуде. Жарыста 18 мемлекеттен 102 спортшы өнер көрсетуде.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: