Ербол Хамитов парашаңғыдан әлем чемпионы атанды
Сурет: Дене мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларға арналған спорттық даяулар орталығы
Ербол Хамитов парашаңғыдан әлем чемпионы атанды. Ол әлем чемпионатындағы спринтті 2:44:23 уақытта бағындырып, жеңіске жетті, деп хабарлайды Zakon.kz.
Жарыста мәреге екінші болып украиналық спортшы Тарас Рад келсе, үшінші орынға бразилиялық спортшы Кристиан Вестмаер Рибейра ие болды.
Бұған дейін Ербол әлем чемпионатының алғашқы күні парабиатлоннан қола жүлдеге ие болған.
Сурет: Дене мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларға арналған спорттық даяулар орталығы
Парашаңғы және парабиатлоннан әлем чемпионаты Швецияның Эстерсунд қаласында 21-29 каңтар аралығында өтеді. Жарыста 18 мемлекеттен 102 спортшы өнер көрсетіп жатыр.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript

