Анастасия Городко фристайл-могулдан әлем чемпионы атанды

Фристайл-могул, сурет - Zakon.kz жаңалық 28.03.2022 22:57 Сурет: olympic.kz
Қазақстандық спортшы Анастасия Городко фристайл-могулдан жастар арасында әлем чемпионы атанды, деп хабарлайды Zakon.kz.

28 наурызда Италияда фристайл-могулдан жастар арасында әлем чемпионатының соңғы жарыс күні өтті. Қыздар арасында параллельді могул бойынша сынға түскен отандасымыз жарыс жеңімпазы атанды, деп хабарлайды ҰОК.

Айта кетелік, Анастасия Городконың аталған әлем біріншілігіндегі бұл - үшінші медалі. Ол осыған дейін қыздар арасында жекелей сайыс пен аралас (микс) санаты бойынша күміс жүлдені жеңіп алған болатын.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: