Қазақстандық полицейлер Польшадан келген саяхатшыларға көмектесті

Польшалық туристер Cурет: polisia.kz
Қазақстандық полицейлер 16 желтоқсанда Польшадан келген саяхатшыларға көмектесті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Polisia.kz-тің мәліметінше, Польша елінің бес азаматы Төретам кентіне келіп, кенттен велосипед арқылы Өзбекстан Республикасына қарай бармақ болған.

Алайда олар күннің суық болуына байланысты жолға шыға алмай, Төретам кентінде ҚР ІІМ Байқоңырдағы өкілдігінің әкімшілік полиция бөлімінің қызметкерлерінен көмек сұраған.

Полиция қызметкерлері шетелдіктерге көрші елге қалай жетуге болатынын айтып, велосипедтерімен бірге автобусқа отырғызып көмектескен.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз