Украинадағы жерлестеріміздің тағы бір легі елге келе жатыр

Украина, эвакуация, Қазақстан, Алматы, Польша, сурет - Zakon.kz жаңалық 16.03.2022 17:05 Сурет: Zakon.kz/Павел Михеев
16 наурызда Польшадан Қазақстанға алтыншы репатриациялық рейс ұшып шықты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің мәлімдеуінше, 16 наурызда Нұр-Сұлтан қаласының уақыты бойынша сағат 15:45-те Катовице қаласынан Қазақстанға алтыншы репатриациялық рейс ұшып шықты.

Ұшақ Алматы қаласына қонады деп күтілуде. Ұшақта 14 жолаушы бар. ҚР СІМ баспасөз қызметі

Осымен, Украинадан 836 адам шығарылды, ал соның ішінен 690 адам репатриациялық ұшақтармен Қазақстанға оралды.

Бұған дейін Катовицеден 89 Қазақстан азаматы бар бесінші эвакуациялық ұшақ келіп қонғанын жазған едік.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: