Аргентина 36 жылдан соң футболдан әлем чемпионатында жеңіске жетті

Аргентина 36 жылдан соң футболдан әлем чемпионатында жеңіске жетті Сурет: Twitter/Selección Argentina
Катардағы 2022 жылғы әлем чемпионаты аяқталды! 18 желтоқсанда Аргентина мен Франция құрамасы финалда ойнады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Есепті Аргентина құрамасы бірінші таймның 23-минутында ашты. Голды Лионель Месси соқты. Франция қақпасына екінші голды 36-минутта Анхель ди Мария салды. 

Екінші таймдағы алғашқы голды Франция құрамасының шабуылдаушысы Клиан Мбаппе салды. Осылайша, ол 80-минутта өз командасына алғашқы голды сыйлады. Мбаппе бір минуттан соң, 81-минутта екінші гол салып, Аргентинамен есепті теңестірді: 2:2.


Аргентина

Сурет: fifa.com

Экстра-таймда Лионель Месси (108) мен Килиан Мбаппе (118) есепті 3:3-ке жеткізді. Матчтың тағдыры пенальти арқылы шешілді, Аргентина командасы пенальтиде 4-2 есебімен алға шықты.


Аргентина

Сурет: fifa.com

Осылайша, Аргентина 36 жылдан соң футболдан әлем чемпионатында жеңіске жетті! Бұл ел мундиаль тарихында үш рет (1978 және 1986 жылдары) чемпион болып отыр.


Аргентина

Сурет: fifa.com

Франция құрамасы әлем чемпионатының күміс, ал Хорватия командасы қола жүлдегері атанды.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз