Еліміздің үш облысында республикалық жолдар жабылды

Республикалық трасса, Қарағанды, Павлодар, Өскемен, тас жол Сурет: Ақмола облысының полиция департаменті
Қазақстанның үш облысындағы тас жолдарда көліктің барлық түріне жүруге шектеу қойылды. Бұған ауа райының нашарлауы себеп болып отыр, деп хабарлайды Zakon.kz.

Шектеу Қарағанды ​​облысының алты республикалық тас жолында енгізілді:

  • Екатеринбург – Алматы. 1492 – 1854-шақырым аралығы. Қарағанды ​​қаласынан Балқаш қаласына дейінгі аралық.
  • Екатеринбург – Алматы. 1426 – 1457-шақырым аралығы.  Теміртаудан Қарағандыға дейінгі аралық.
  • Қарағанды – Аягөз – Бұғаз. 17– 219-шақырым аралығы. Қарағанды ​​қаласынан Қарқаралы қаласына дейінгі аралық.
  • Қызылорда – Павлодар. 967 – 1066-шақырым аралығы. Қарағандыдан Молодёжный ауылына дейінгі аралық.
  • Қызылорда – Павлодар. 762 – 906-шақырым аралығы. Атасу ауылынан Топар ауылына дейінгі аралық.
  • Қалқаман – Баянауыл – Үміткер – Керней – Ботақара. 231-324-шақырым аралығы. Павлодар облысының шекарасынан Ботақара ауылына дейінгі аралық.

Павлодар облысында Қалқаман – Баянауыл – Үміткер – Керней – Ботақара тас жолындағы 0–231-шақырым аралығындағы Қалқаман ауылынан Қарағанды облысының шекарасына дейінгі аралықта көліктің барлық түрі үшін қозғалысқа шектеулер енгізілді. 

Шығыс Қазақстан облысында өздігінен қар көшкіні жүру қаупіне байланысты Өскемен – Алтай – Үлкен Нарын – Катон-Қарағай – Рахманов бұлағы көлік трассасындағы 6 – 66-шақырым аралағында, яғни Ушановское ауылынан Серебрянск қаласына дейін автокөліктің барлық түріне жүруге шектеу қойылды. Сондай-ақ ауа райының қолайсыздығына байланысты Өскемен – Шемонаиха – РФ шекарасы тас жолындағы 36 – 123-шақырым аралығы, яғни Предгорное ауылынан РФ шекарасына дейін жабылды.


Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз