Қазақстанда тағы бір республикалық маңызы бар тас жол жабылды
Фото: Zakon.kz
Ауа райының нашарлауына байланысты жол жабық. Шектеу көліктің барлық түріне қатысты, деп хабарлайды Zakon.kz.
"ҚазАвтоЖол" жазғандай, Жетісу облысындағы Үшарал-Достық тас жолының бөлігінде көлік қозғалысына шектеулер енгізілді.
Сондай-ақ, Қазақстан Республикасының автомобиль жолдарын басқару ұлттық операторы Ақмола облысында Астана-Петропавл тас жолының учаскесінде көлік қозғалысының ашылғанын хабарлады.
Сонымен қатар, Шығыс Қазақстан облысында қазір жолдар қардан тазартылып, көктайғаққа қарсы материалдар себіліп жатқанын атап өтті.
Республикалық маңызы бар автомобиль жолдарының жай-күйі туралы ақпаратты "ҚазАвтоЖол" ҰК" АҚ байланыс орталығының 1403 телефоны арқылы білуге болады.
Бұған дейін 4 қаңтарда Астана, Алматы және Шымкентте, сондай-ақ Қазақстанның 16 облысында дауылды ескерту жарияланғаны хабарланған болатын.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript